Ағымдағы жылдың 19-қаңтарында «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының неміс тілін оқыту тобы неміс лингвистері мен неміс халық мәдениетін зерттеушілері Вильгельм мен Якоб Гримм шығармаларына арналған «Ағайынды Гримм ертегілерінің әлемі» атты әдеби саяхат өткізді.
Оқушылар Якоб пен Вильгельм Гриммнің өмірбаянымен танысуға, балалық шақтан сүйікті ертегілердің кейіпкерлерін еске алуға мүмкіндік алды. Әр адам өз күштерін викторинада сынап,ертегілердің үздік білгірлері мен әуесқойларын анықтады.
Неміс тілі мұғалімі А.К.Игибаева ағайынды Гриммнің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеден бастап балаларға мұқият тыңдау және есте сақтау міндетін қойды, өйткені ертегілерді бәрі біледі, ал олардың авторларының өмірімен барлығы таныс емес.
Балалар Вильгельм мен Якоб Гриммнің ағасы тарихтағы аса көрнекті тұлғалар болғанын білді.Қызықты және мазмұнды әңгімеден кейін викторинаның бірінші туры өтті, оған барлық оқушылар қатысты.Олар бір-бірімен жарысып, сұрақтарға қуана жауап берді.
Екінші турда бастапқы сөз бойынша ертегі атауын білу керек болды.Бұл көңілді болды!Балалар хормен жауап берді, бірінші рет анықтай алмаса да, соңында барлық ертегілер анықталды.
Келесі тур балалардың қызығушылығын тудырды:тірек сөздер бойынша қандай ертегі туралы екенін айту керек. Жауаптарды жан-жақтан айта бастады,себебі ұлы неміс ертегілерін әрбір бала жас кезінен біледі.
Сабақ барысында көптеген қызықты тапсырмалар болды,уақыт тез өте шықты, соған қарамастан балалардың күлкілері, қуаныштары таусылар емес,оқушылар өздерінің сүйікті ертегілерін еске алып, достарымен өздерінің әсерлерімен бөлісті.