2020 жылдың 3- қаңтар күні «Мұрагер» БАК-да Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жылдық мерейтойына арналған,
«Біз сізді мақтан тұтуға міндеттіміз» атты әскери-интернационалистермен кездесу өтті. Мақсаты: ХХ ғасырдың жаңа тарихына деген қызығушылықты дамыту. Жауынгер-интернационалистердің жеке үлгісінде отаншылдыққа, борыш сезіміне, жауапкершілікке, ерлікке тәрбиелеу.Аға ұрпаққа құрмет көрсету. Іс-шара Ауған соғысы тақырыбына байланысты кинофильмнен басталды.Ауған жауынгерлерімен танысу әскери ұрыс қимылдарына қатысушыларға құрмет сезімін тудырды. Кездесуге Көкшетау қаласының Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Құсаинов Жанатай Қожахметұлы, Ауған соғысының ардагері Жуков Игорь Валерьянович қатысты. Іс-шара басталғаннан жылы атмосфера орнады.Балалар соғыс туралы әңгімелер тыңдады.Отан бұйрығын орындайтын жас жігіттер бастан кешкен қиындықтары,Ауған жауынгерлері өздерінің қызметі мен Ауғаныстандағы қиындықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар ауғандықтардың бас киімдерін , мемлекеттік марапаттарын көрсетті.
Балалар кездесу барысында өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын таң қала тыңдады. «Юный гитарист» үйірмесінің оқушылары тамаша әндерін тарту етті. Соңында барлығы естелік суретке түсті.