«Жас Ұлан» ББЖҰ алғашқы ұяшықтарының жұмысын жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару танымдық, қоғамдық пайдалы бос уақыт қызметін ұйымдастыру мақсатында 2020 жылдың 6 ақпан күні «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ББЖҰ көшбасшыларының тәжірибе алмасу бойынша семинар өтті.
Семинар бағдарламасына сәйкес: Ақмола облысы бойынша «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Есекеева Мансия Мухтаровнамен үйлестірушілер мен тәлімгерлер үшін мастер-кластар, «дөңгелек үстел» өткізілді.
Күннің бірінші жартысында барлық қатысушылар топтарға бөлініп, «Жас Ұлан» ББЖҰ көшбасшыларының мастер-кластарына белсене қатысты.
Мастер-кластарды өткізумен қатар білім беру ұйымдарының үйлестірушілері мен тәлімгерлері үшін «дөңгелек үстел» өтті.Семинар бағдарламасы бойынша білім беру ұйымдарының 6 жаттықтырушылары мен мектеп ұланбасы мен көшбасшылары «сенім», «топтастыру», «топ құру», «лидерлік сапа» туралы тренингтер өткізді.
Өткен семинар балалардың мемлекет және қоғам өміріне қатысу үшін әлеуметтік бастамаларды жандандыру, балалардың қоғамдық ұйымдарының мәртебесін нығайту, «Жас Ұлан» ББЖҰ көшбасшысы аясында өткізілетін іс-шаралардың бірі болды.
Семинарға қатысушылар оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастырудың мүмкін жолдарын анықтады, бұл Қазақстан Республикасының болашағы байланысты қойылған жеке мақсаттарды жүзеге асырудың саналы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Семинар соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.