Текст
2023 жылдың 3-8 шілде аралығында Зеренді ауданында спорттық туризмнен Халықаралық жарыстар және велоспорттан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей-Мәскеу, Орынбор, Қазан қалаларынан 40-тан астам команда қатысты. Оқушылар алғаш рет ауқымды жарыстарға қатысты.Спорттық туризм бойынша «Ересектер» тобында «Техникалық (қысқа)» дистанциясы бойынша Миша Горленко мен Данил Кочаненков 1 орынды иеленді. Велоспорттан «Жастар (кіші)» тобында Максим Вахонин 3-орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!