Текст
«Қайнар» балалар аулалық клубында «Мектептегі, жолдағы, көшедегі этикет ережелері» атты тақырыптық сағат өткізілді. Аталған тақырыпты таңдау себебі: оқушылардың қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін білу,өздері сол тәртіпті қолдана білу керек. Іс-шара басында балалар қоғамдық орындардағы түрлі жағдайларды сахналап көрсетті, содан кейін баланың дұрыс іс-әрекеттерін, тәртібін талқылады. Іс-шараның көңілді кезеңі «Сыпайы тығылмақ» ойыны болды, балалар көздерін жауып, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде кімнің сыпайы сөйлегенін тауып айту керек . «Актер» ойынында үйірмешілер ыммен көрсетілген іс-әрекеттерді тауып айту кезінде өздерінің белсенділіктерін көрсетті. Іс-шара көңілді де қызықты өтті.