Әр халықтың әрдайым есінде, жүрегінде жүретін, өскелең ұрпаққа үлгі болатын өз батырлары бар. Осындай кейіпкерлердің бірі- Кеңес Одағының Батыры, өз өмірін Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін берген Ленин сыйлығының лауреаты, татар ақыны- Мұса Жалил.
16-ақпан күні «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубына балалар мен үлкендер әдеби кешке жиналды.
Ал кеш иесі- татар тілінің оқытушысы Аминова Гаухар Габдрахмановна қонақтарға бейнероликтер, фотоматериалдар, орыс және татар тілдерінде жазылған әндерді көрсетумен қызықты әдеби композиция дайындады.Татар ақыны Мұса Жалилді еске алуға арналған кешке клуб оқушылары, сондай-ақ Көкшетау қаласының Мәдениет колледжінің студенттері белсенді қатысты. Балалар мен үлкендер өлеңдерді мәнерлеп оқып, әдеби-музыкалық композицялар орындады. Әсіресе кеш қонақтарына «Ғалия бану» татар-башқұрт вокалдық ансамблінің орындауында татар тілінде шырқалған әндер ерекше қуаныш сыйлады.Сонымен қатар, Мұса Жалилдің шығармашылығы туралы кітап көрмесі дайындалды.