«Қайнар» БАК-да «Келісім мен бірлікке 25 жыл» атты тақырыптық сағат өтті. Мақсаты: балаларды отаншылдыққа, ұлтаралық келісімге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Күнтізбе бойынша 1 наурыз- ерекше күн.Көктемнің алғашқы күні жылы лебіздер мен шынайы тілектерге толы болады. Дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Үйірмешілер әртүрлі тілдерде алғыс сөздерін белсенді айта отырып, әлемдегі бар алғыс білдірудің әртүрлі тәсілдері туралы, түрлі дәстүрлермен әр түрлі елдердегі мәдени айырмашылықтар туралы білді.
Іс-шара оқушылардың еліміздің тарихи өткеніне және халқының дәстүрлеріне құрметпен қарауға, өз Отаны, өз халқы үшін мақтанышқа, әр түрлі ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеуге ықпал етті.
Бос уақытты барлығы өздері үшін пайдалы өткізді,адамдарға алғыс айтуды, бір-біріне, ата-аналарға, табиғатқа және өз Отандарына көңіл бөліп, қамқорлық жасауды үйренді.