Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 Наурыз– Алғыс айту, мейірімділік және құрмет күні

03.03.2020

1 наурыз – елімізде тұрып жатқан барлық этнос бір-біріне ризашылығын айтатын күн. Әсіресе қиын-қыстау заманында жер аударып келген түрлі ұлт өкілдері шыдамдылық танытып, ерекше қонақжайлылығын көрсеткен қазақ жұртына алғыстарын білдіретін күн.

 Бұл елдегі бейбітшілік пен келісімнің символы, біздің ортақ тарихымызға деген құрмет, қолдау күні, өзара көмек пен қайырымдылыққа, бір-біріне  назар аудару мүмкіндігі.

 Бұл күні біздің «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубымыз да назардан тыс қалған жоқ, балаларға алғыс сезімін ерте жастан, мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеу қажет.

Мереке күні поляк тілінің оқытушысы Наталья Георгиевна Крупельницкая клуб оқушылары үшін   «1 наурыз– Алғыс айту, мейірімділік және құрмет күні» атты ашық іс-шара өткізді.

Сынып сағаты  осы мерекенің шығу тарихы туралы  шағын әңгімеден, фильм үзіндісінен және викторинадан басталды.Балалар достық пен алғыс туралы өлеңдер оқып, соңында өздерінің ең жақсы тіліктерін жазып, достарына бейбітшілік пен бақыт бейнеленген суреттер салды.

 

 

 

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст