Текст
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубында мерекелік іс-шара өткізілді.
Бұл - ерекше күн, себебі дәл осы күні әйелдер қауымы нәзіктік пен шапағатқа, ақ ниетті тілектерге бөленеді.
Балалар ертеңгілікке көңілді келіп,түрлі байқауларға қатысып,жиналған қауымды және қонақтарды мерекемен құттықтады, әртүрлі көркемөнерпаздар нөмірлерін дайындады. Әндер, билер, өлеңдер айтылды. Балалар өз қолдарымен құттықтау ашықхаттар жасады. Клубтағы іс-шара жақсы көңіл-күйде өткізілді.