13 қаңтарда "тігінші-сәнгер" үйірмесінің оқушылары "Арман"ТП ЖШС-не экскурсияға барды. Экскурсияның мақсаты: - киім тігу кезінде жабдықтар мен құралдармен таныстыру; - тігінші мамандығымен таныстыру. Әкімші жабдықтың функциялары туралы айтып, жаңадан келген тігіншілер үшін тәжірибесімен бөлісті. Экскурсия аяқталғаннан кейін әкімші білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Үйірме жетекшісі: Саулиди а.Н.