Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жол қозғалысы ережелерінің үздік білгірі»

21.02.2024

2024 жылғы 20 ақпанда балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу және білім алушыларда қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында «Жол қозғалысы ережелерінің үздік білгірі» қалалық байқауы өткізілді.

Байқауға Көкшетау қаласының білім беру мекемелерінің ЖҚИ жасақтарының  17 командасы қатысты. Бұл келесі мектептер:№1 МГ,№4 ЖББМ,№5 "Тандау"КГ, №6 МЛ, №7 ЖББМ, №8 ЖББМ, №9 ЖББМ, №14 ЖББМ, №17 МГ,С.Жүнісов атындағы № 18 МЛ,№21МЛ, техникалық лицей, № 1 КЖББМ, № 2 КЖЖБ, № 3 КЖББМ, IT-лицей.

Байқау 5 турдан  өтті :

  • "Кім жылдам",
  • "Бағдаршам және реттеуші сигналдары",
  • "Жол белгілері мен  таңбалары"
  • ЖҚЕ ережелерін білушілер "
  • "Жол қозғалысы  жағдайлары".

 

Іс-шараның қонағы  "Ақмола дарыны" дарынды балаларды анықтау және дарынды жастарды қолдау орталығының әдіскері - Жанара Танатқызы Ажимуратова қатысты.

Қазылар алқасы ретінде шақырылды :

- Көкшетау қаласының жол-техникалық бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Шайкенов Асхат Сағындықұлы,

- "СМС" ЖШС арнайы пәндер оқытушысы, "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығының  қосымша білім беру педагогі," Юный  автомобилист" үйірмесінің педагогы-Омаров Марат Сабырұлы,

- "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығының   балалар аулалық клубтарының   меңгерушісі -Халелова Гүлнар Хафизқызы.

Балалар жол қозғалысы ережелері, жол белгілері, бағдаршам және реттеуші сигналдары бойынша тамаша білімдерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.Жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Дипломдармен марапатталды:

III дәрежелі дипломмен № 6 МЛ командасы.  

- II дәрежелі- №5 «Таңдау» КГ командасы.

 -I дәрежелі- М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының командасы.

 Келесі  номинациялар бойынша марапатталды:

* "Кім жылдам" – Красный яр ауылындағы № 1 ЖББМ командасы.

*"Бағдаршам және реттеуші сигналдары" -  № 17 МГ командасы. 

* "Жол белгілері мен  таңбалары"- №14 ЖББМ  командасы.

* "Жол қозғалысы ережелерін білушілер" - №21 МЛ команда

* "Жол қозғалысы  жағдайлары" -  Красный яр ауылындағы №3 ЖББМ командасы.

 

 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

 

Просмотров: 1007


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст