2024 жылдың 14 мамыр күні №17 мектеп –гимназиясының акт залында «Көкшетау қаласының 200 жылдығы» тақырыбында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының «Балдәурен » балалар аула клубының мерекелік есептік концерті өтті. «До-ми-солька» үйірмесінің кіші вокалдық тобы көрермендердің қошеметіне бөленіп, балалар репертуарын орындады, жоғары вокалдық топ Көкшетау қаласы мен Отаны туралы әндер орындады, сондай-ақ «Let's speak together» ағылшын тілі үйірмесінің оқушылары үш тілде өлеңдер оқыды. «Я рисую этот мир» әні орындалған кезде «Арт – фаворит» сурет үйірмесінің оқушылары шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Клуб ішінде «Арт-фаворит» сурет үйірмесінің, «Жар-птица» биссермен тоқу үйірмесінің, «Вязание крючком», «Затейница», «Дизайн одежды» және «Швейное дело» үйірмелерінің шығармашылық жұмыстарының түрлі-түсті көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара қызықты және есте қаларлықтай болып өтті.