Текст
Құрылыс-технология колледжінің базасында «Готовим сами» күндізгі лагерінің бірінші күні өтті.Лагерьдің ашылуы өте көңілді және қызықты өтті, тәлімгерлер бір-бірімен танысу және ұжымды біріктіру бойынша тақырыптық тренингтер өткізді. Педагог Лилия Рашидовна қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар беріп, зертханада жұмыс жасау туралы әңгімеледі. Балалар мұғалімнің жетекшілігімен бутербродтар дайындады.Әрине, балалар үшін ең қызығы - дәм тату 🔥. Әркім өз талғамына қарай бутербродтар дайындады🥪. Барлық балалар көптеген жағымды эмоцияларға ие болып, дәмді тағамдарды дайындаудың қызықты әлеміне тап болды