Білім бөлімінің бастамасымен, Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы «Алаш» революциясы үшін күрескендер саябағының базасында «Дана бала « туристік этнолагерінің 1 ауысымы өтті. «Дана бала» туристік этнолагерінде бағдарлама бойынша теріні,ағашты өңдеу бойынша шеберлік-сыныптар өткізілді.
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Балуан Шолақ ұлттық мектептің қолдауымен «Құлагер» ипподромына экскурсия жасалып, балаларға ұлттық жекпе-жек түрлері: садақ ату, көкпар, бәйге түрлері көрсетілді.
Апта барысында балалармен ұлттық ойындар ойналды: асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту.
«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының педагогтері туристік өмір, жаяу жүру маршрутын, туристік түйіндерді, от жағу түрлері мен әдістерін, карта сызып, циркульмен жұмыс істеуді үйретті.
«Батырлар күні» ауысымының бір күні қазақ халқының батырларының тарихын зерттеуге арналды. Ауысым жабылған күні этнофестиваль өтті:
ұлттық тағам – бауырсақ әзірленіп, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі