2018 жылдың 5-қаңтар күні «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында педагогикалық кеңес өткізілді. Тақырыбы: «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың факторы ретінде педагогикалық талаптарды сақтау, заманау сабақтың құрылымы». Бірінші болып орталық директоры –М.Әлжапарова «Қосымша білім берудегі оқытуда заманауи жетістіктерін қолданумен сабақты ұйымдастыру және өткізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы баяндамамен қатысты. 2017-2018 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы ҚББП қызмет мониторингісімен- әдістемелік бөлім меңгерушісі- Д.М.Қожахметов қатысты. 2017-2018 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы ҚББП өткізген ашық сабақтарын талдау бойынша әдіскер - Г.Х.Халелова қатысты. "Сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері бағыттары үйірмелерде оқытудың кәсіби құзыреттілігі нарттыру факторы ретінде педагогикалық талаптарды сақтау" баяндамасымен ҚББП А.А. Алгазимова қатысты. «ҚББ жүйесінде заманауи сабақтарды ұйымдастыру» баяндамасымен ҚББП С.Ч.Уәлиева қатысты. Педагогикалық кеңес «Ұжымды біріктіру» жаттығуларымен аяқталды. Ұйымдастырып, өткізген «Арман достар» тәлімгерлік шеберлік мектебінің жетекшісі-А.С.Михайлова.