Текст
2018 жылдың 11-қаңтар күні «Атамекен» үйірмесінің тәрбиеленушілері Ақмола облыстық тарихи мұражайына және мемлекеттік мұрағатына саяхаттап барды. Оқушылар Ақмола облысындағы зерттеу жұмыстарымен барлық кезеңдегі адамдардың шаруашылығымен, діни сенімдерімен, қоғамдық қауымдастықтармен толығымен танысты. Оқушылар тарихи мұражайда көптеген мәліметтерге ие болды. Тәрбиенушілер Ақмола облысының тарихы бай екеніне көз жеткізіп, өзқызығушылықтарын танытты. Атақты адамдардың өмірбаянымен танысты. Болашақта сол білімді одан әрі толықтырып, жалғастыру жоспарланып отыр.