Текст
Құс ұяларын жасау - балалар мен жасөспірімдер үшін қызықты да тартымды шығармашылық сабақтардың бірі. «Жұлдыз» аулалық клубында қысқы демалыстар кезінде тәрбиеленушілермен құстарды қысқы аяздардан қорғау мақсатында, түрлі құс ұялары жасалды. Балалар жасаған ұяларына нан қоқымдарын, жемтады, тары салып, ағаштарға іліп қойды. Біраз уақыттан кейін ұяларға қона бастаған торғайлар, балаларды қуантты.