Жаңа жылды кішкентай балалардан басқа үлкендер де тағатсыздана тосады.Жаңа жыл тек қысқы демалыстар ғана емес,түрлі сайыстар мен тосын сыйлар. Желтоқсанның 26-28-і күндері «Арман Достар» тәлімгерлік шеберлік мектебінің тәрбиеленушілері «Қызыл ай»қоғамы басшылығымен бірлесе «Бурабай» спорт сарайында отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған отбасындағы балаларға арнап және №12 орта мектебінің оқушыларына арнап «Аяз Атаға арналған сиқырлы хат» ертеңгілігін ұйымдастырып, өткізді.Тәлімгерлік шеберлік мектебінің тәрбиеленушілері бір ай бойы дайындалып, актерлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете біліп, барлығының көңілінен шыға білді. Ертегі кейіпкерлері балалардың көңілін аулап, түрлі ойындар мен сайыстар өткізді.Балалар Аяз Ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, тәтті сыйлықтарын алды.Соңында барлық қатысушылар ертегі кейіпкерлерімен естелік суретке түсті.