Аталған іс-шара балалардың арасында іскерлік қарым-қатынасқа баулып қана қоймай, демалыс кезеңіндегі уақытты тиімді пайдаланып, жаңа достар табуға, ойларын дамытып, жаңа білім ізденісін қалыптастырды. Бұл ойынның "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіліп, алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамын. Тек қана оқушылар ғана емес, төрелік еткен кезде қазіргі балалардың ойлау қабілетінің жоғары, болашаққа деген зор үмітін көрдік. Оқушылардың көздері жалындаған от секілді "Мен білемін, мен жасаймын" деп тұрды. Әрине, осыны көрмеген азамат бұл қалай деген сұрақ мүмкін қояр, бірақ 12 жасар бала Тезек өндіретін зауыт ашамыз дегенде бұл қандай адамды болсын таң қалдырары сөзсіз. Ең бастысы, оқушылар жігерлі, біз бұны жасай аламыз деген сезімдері бар. Осындай ойынды ұйымдастырып, шақырғандары үшін МТЖО "Әулет" ұжымына алғысым шексіз, алдағы уақытта аталған іс-шаралар жалғасын тапса деймін, бұған еш күмәнім жоқ! Шақырғандарыңызға раxмет, ұжымдарыңызға шығармашылық табыс, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін!