Текст
«Жұлдыз» БАК балаларының мектеп демалыстары көңілді өткізілді.3-қараша күні «Рукоделие» үйірмесінің жетекшісі – Т.Найкина «Біз өмір сүріп жатқан әлем» атты шеберлер күнін ұйымдастырып, өткізді. Мақсаты: оқушылардың жеке жетістіктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту. Жас шеберлер өздерінің шығармашылық жұмыстарын жасаудың құпияларымен бөлісті. Балалар түрлі әдістерді қолданды: біреуі тұзды қамырмен жұмыс жасаса, енді бірі ермексазбен, кавринг, папье-маше, сурет салу жұмыстарын көрсетті. Шеберлер күні өте қызықты да, тартымды өтті.