Текст
«Қайнар» БАК-да «Әлемдегі қызықтар» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты: балалардың күзгі мектеп демалыстары кезіндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру,өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау. Іс-шара басында балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысты. Өз білімдерін жақсы деңгейде көрсеткен оқушыларды ерекше атап өтуге болады: Кельдибекова Карина, Кривых Арина, Хафиз Алдияр, Жумалина Айзада. Сайыс соңында балалар Қазақстанның тарихи ескерткіштері туралы айтып шықты: Отырар, Сайрам, Тараз, Ахмет Яссауи, Айша Бибі, Ибрахим ата кесенесі.