Текст
«Қазақстан бірлігі халықтар достастығында» пікірлесу алаңы «Жұлдыз» БАК-да 1-мамыр қарсаңында өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, онда бірнеше ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Аталған іс-шараға тәрбиеленушілердің ата-аналары шақырылды. Ата-аналар Қазақстандағы халықтардың достығы мен бірлігі туралы айтып, барлығына ашық аспан, бейбітшілік өмір тіледі. Тәрбиеленушілер мерекеге арнап музыкалық, шығармашылық сыйлықтарын дайындап, көрсетті.