Мамырдың 5-і күні сағат 12.00 де «Мирас» балалар аулалық клубында «Алға жігіттер» атты сайыс бағдарламасы өткізілді.
Мақсаты:
а) ер балаларды ата бабамыздың салт - дәстүрімен таныстыру;
ә) балаларды елін, жерін, тілін өз дәстүрін білуге тәрбиелеу;
б) ұлттық өнерге, ән күйге, биге құмар етіп тәрбиелеу;
в) парасаттылыққа, имандылыққа, мейірімділікке баулу;
г) денсаулығы зор, сымбатты, елін, жерін қорғайтын білімді де білекті нағыз Қазақстан патриотын тәрбиелеу.
Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін, халқымыздың рухани байлығын игеруге, тындырымды, тиянақты талантты болуға тәрбие сағатының маңызы зор. Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттықты оятуға, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында мұғалімдер де әрқашан үлкен ізденіспен үлес қосып келеді. Осындай тәрбие беру мақсатпен осындай балаларға арналған аулалық клубтарда жарыс ойындарын ұйымдастыру оқушыларды бір серпілтіп тастары даусыз. Әрі олардың ой өрісін кеңейтіп, ізденіске жұмылдырады. Осы мақсаттарды негізге ала отырып «Мирас» балалар аулалық ішінде «Алға жігіттер» атты сайыс өткізілді. Сұрақтарға жауап беруде де оқушылар белсенділіктерін көрсетті. Үзіліс сәтінде магнитофоннан қазақтың халық әндері тыңдалды. Әр бала жауаптары есепке алынып, жеңіске жеткен оқушылар марапатталынды. «Ер сұлтаны», «Жігіт сұлтаны» деген атақтар табыс етілді. Сайыс өте қызықты өтті.