Текст
Тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтын сақтау мақсатында 5-сәуір күні «Қайнар» БАК-да «Денсаулық коктейлі» атты әңгіме өткізілді. Әңгіме басында педагог балаларға «7 түсті гүл» ертегісін естеріне түсірді. Балалар денсаулық құндылықтарын айтып, ойларымен бөлісті.Одан әрі үйірмешілер К.Чуковскийдің «Мойдодыр» өлеңін естеріне түсіре отыра, гигиена туралы айтып шықты. Барлық қатысушылар өз білімдерін жақсы деңгейде көрсетіп, топпен жақсы жұмыс жасап шықты.