Сәуірдің 12-і күні сағат 13.00-де Мирас балалар аулалық клубында «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық» атты ойындық бағдарлама өткізілді. Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу. Оқушыларды тиянақтылыққа, жұмыстан әсер алуға, сезімталдыққа тәрбиелеу. Оқушылар мақал-мәтелдер мен жұмбақ шешуге белсене қатысты. Сайыс бірнеше турдан тұрды. Балалар арасынан жүргізуші сайланды. 1-тур мақалдар жалғастыру.Екінші турда мақалдың бірінші жолы айтылып екінші жолы жалғастырылады. Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір — біріне жасырады. Жүргізушінің жұмбағын шешу. Тағы да солай жалғастырды. Тәрбиеленушілер әртүрлі ойындар ойнады. Іс-шара өте қызықты өтті.