Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.04.2017

Көктемгі мектеп демалыстары кезінде, яғни, 2017 жылдың 30-наурыз күні №12 орта мектептің спорт залында, балалардың  планерлер дайындауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында, «Основы моделирования» үйірмесінің тәрбиеленушілері  арасында  лақтыратын үлгідегі планерлер жарысы өткізілді. Жарыс екі кезеңде өткізілді: стендтік баға; алысқа  лақтыру. Жарыстың  әр қатысушысы  пенопласттан жасалған планерлерді жасау үлгісін таныстырып шықты. Бөлме ішінде ұшыратын планерлер жеңіл, көлемі кішірек болу керек.Сонымен қатар төбеге жапсыратын  сәндік панелдерді де пайдалануға болады. «Основы моделирования» үйірмесінде балалар түрлі материалдармен жұмыс жасап, балалардың шығармашылық ынталарын, қызығушылықтарын арттырып, жан-жақты болуға үйретеді. «Основы моделирования» үйірмесіне  қатысам деушілерге есік ашық!

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст