Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.04.2017

Шығармашылық қабілеттерді дамыту - қосымша білім беру педагогтарының  міндеттерінің бірі. Байқаулар балалардың көркемдік шығармашылықтарын, шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын, ойларын дамытады;балалардың өзін-өзі дамытуларына жағдай жасайды.  Балалардың мектептен тыс бос уақыттарында түрлі байқауларға қатысуы, баланың белсенді өмірлік көзқарасын жасауға  себеп болады. «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілері – «Жұлдыз», «Мұрагер», «Балдәурен», «Мирас» балалар аулалық клубтарының тәрбиеленушілері  Чехия республикасында Халықаралық  "Perspektiva plus" инновациялық орталықтың қашықтықтан  ұйымдастырылған  сәндік-қолданбалы өнер мен Халықаралық балалар суреттері байқауына белсене қатысты. Байқау нәтижесі бойынша  1 орынға ие болғандар  Ашим Айша /жетекшісі - Г.С.Каримолдина/, Қасымов Архат және Қасым Еслям/жетекшісі-А.Н.Касымова/. Аты аталған балалар «Жұлдыз» балалар аулалық клубынан. «Мирас» балалар аулалық клубының тәрбиеленушісі Қадыр Мадина 1 орынға ие болды, жетекшісі - Н.К.Мусина.  «Балдәурен» БАК тәрбиеленушісі Гора Михаил 1 дәрежелі  лауреат атанды, жетекшісі - А.А.Алгазимова.  «Мұрагер» БАК тәрбиеленушілері: Ренатова Жания, Найкин Руслан, Даулыбай Сабина, Мартынов Валентин, Мартынова Анастасия (жетекшісі - Найкина Т.И.) жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст