2017 жылы 31-наурыз күні Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ММ-сі жанындағы "Достар" мәдениет сарайының ұйымдастыруымен "Әуеле ән мен домбыра" атты қалалық жас орындаушылар байқауы өткізілді. Байқау 2 номинация бойынша болды: "Әуеле әсем ән" және "Төгіл домбыра". «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының «Үкілі домбыра» ансамблі мен "Мұрагер" балалар аула клубының "Домбыра" үйірмесінің тәрбиеленушілері аталған байқауға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. «Әулет» МТЖО-ның «Үкілі домбыра» ансамблі қатысып, 1 орынға ие болса, Тұяқ Арман, Касенова Альбина, Касенова Карина-домбыра дуэті мен «Айгөлек» домбыра ансамблі дипломант атанды. Ал «Мұрагер» БАК-ның тәрбиеленушілері Каппасов Арман мен Қалиолла Тлеужан "Төгіл домбыра" номинациясына ие болып дипломант атанды. Аталған байқау қазақ халқының ән,күй өнерін насихаттап, жаңа ұрпаққа таныту, өскелең ұрпаққа өткен ғасырдағы сал-серілік және күйшілік өнердің құдіретін ұғындыру мақсатында өткізілді.