Соңғы кездері ересектер де, балалар да үлкен қызуғушылықпен осы квест-ойынын қызыға ойнайды. Квест – бұл командалық ойын тек қана төзімділік емес, тапқырлықты да талап етеді. «Мұрагер» балалар аулалық клуб тәрбиеленушілері 29 наурыз күні «Арман Достар» тәлімгерлік мектеп шеберлігінің тәрбиеленушілері өткізген "Капитан Крюк қазына іздеуде" квест-ойынын қызықтады. Бұл күні «Мұрагер» балалар аулалық клубы аймағында берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазыналы сандықты табу. Балаларға бұл өте қызықты көңіл-күй сыйлады. Екі топқа бөлініп ойынға кірісті. Олар Спанч Бобпен ламбада билеп, Су перісінің суретін салды және т.с.с. түрлі квест-кезеңдерден өтті. Соңында қазыналы сандықты таппады, өйткені оны акула жұтып қойған екен. Сандықты шығару үшін керемет би билеу керек еді. Ойынға әбден қызыққан балалар қосылып би билеп, қазыналы сандықты алып мәз-мейрам болды. Соңында капитан Крюк балаларға жақсылық, сәттілік тілеп кемесіне мініп жүзіп кетті.