Бүгінгі салауатты өмір салты - бұл уақыт талабы. Дені сау болу, сәнді және беделді болып есептеледі. Сол себептен «Денсаулық жолына саяхат» атты денсаулық сабағы «Мұрагер» БАК-да 27 наурыз күні өткізілді. Іс-шараға «Шабыт» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты. Үйірме жетекшісі Алгазимова Алия Асылхановна балаларға салауатты өмір салтын қалай құру керектігін әңгімелеп берді. Іс-шара жақсы тілектермен басталды. Балалар Әлия Асылхановнадан ұзақ жылдарға дейін денсаулықты қалай күту керектігі жайлы бірқатар пайдалы кеңестер алды. Салауатты өмір салтының не екенін білу үшін, балаларға ол Денсаулық еліне саяхатқа баруды ұсынды. Балалар «Денсаулық жайлы жұмбақтар» және «Халық даналығы» сайыстарына қатысты. Саяхатты жалғастыра отыра, олар тамақтану мен гигиена жайында және ағзаға қажетті пайдасы зор витаминдерге толы тағамдарды атады. Саяхат аяқталған соң балалар жаттығулар жасап, денсаулық жайында өздеріне көптеген мағлұматтар алды.