Ағымдағы жылдың 28-ші наурызында "Мұрагер" балалар аула клубында "Музыкалық ноталар" атты ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Бағдарламалық мазмұны: музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; бала бойындағы табиғи музыкалық жөне шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалар жеті нотада жасырылған жеті тапсырманы орындады, ол үшін балалар кезекпен қорапшадан ноталарды жереби арқылы шығарды. Тапсырмалар бойынша бірінде би билесе, бірінде әуенін тыңдай отырып әндерді тапты, нотасы бар сөздер құрып, музыкалық аспаптармен танысып, табиғат құбылыстарына қатысты әуендер тыңдады, ертегілер әлеміне саяхат жасап, сиқырлы қапшықтың сырын ашты. Тыңдаған әуендерді таба алмай жаңылысып жатса да, зейін қойып тыңдап, әр тапсырманы қызығушылықпен орындады. Караокемен ән айтумен іс -шара қорытындысы жасалып, белсенді қатысқандары үшін балаларға тәтті сыйлық торт ұсынылды.