2017 жылғы 24 наурыз «Қайнар» БАК –да балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарының қыр-сырын үйрету мақсатында «Қазақ халқының ұлттық ойындары» тақырыбына әңгімелесу өтті. Әңгіме барысында педагог С.Ч.Уалиева түрлі ойындар туралы әңгімеледі: «Көкпар», «Аударыспақ», «Алтыбақан», «Аламан байге», «Тымақ ұру», «Бес асық», «Тоғыз құмалақ» және т.б. Ойындардың көп түрі жарысу, шапшаң қозғалу, күшті сынау сияқты өте қызықты өтті. Бекіту бөлігінде балалар ойындар атауын айтып, оларды есте сақтауға тырысты. Содан кейін тәрбиеленуші Жұмабекова Әйгерім "Тоғыз құмалақ" ойынын қалай ойнау керетігін көрсетті. Бұл қазіргі уақытта үлкен танымалдылыққа ие ежелгі қазақ халқының ұлттық ойыны және оны сүюшілердің саны жыл сайын артып келеді. Ойын логикалық және математикалық ойлауды дамытуға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа бағытталған. Сондай-ақ асық ойындары да белгілі және танымал болып отыр. Балалар үлкен қызығушылықпен асық ойнауды үйренді. Іс-шараға түрлі үйірмелер тәрбиеленушілері қатысқандықтан, соңында ұжымды біріктіруге бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды.