Әлемде 40 мыңнан астам кәсіптер бар және әрбірі өзінше маңызды. Өмірде әрбір адамның мамандық таңдау кезі болады. Мамандық таңдауды дүниеге екінші рет келумен салыстырылады. 25.03.17 ж. осы кіріспе сөзінен «Мамандықтың бәрі жақсы ...» атты танымдық іс-шара А. Е Жахинаның басшылығымен басталды Іс-шараның басты мақсаты: тәрбиеленушілердің білімдерін кеңейту, кез келген мамандықты құрметтеуге бағытталған. Іс-шара барысында балалар жаңа мамандықтар туралы мәліметтер алды. Мамандықты таңда», «Кім болсам екен?», «Мамандықты тап» атты ойын викториналары өткізілді. Әсіресе, «Мамандық калейдоскобы» ойыны қатты ұнады, бұл ойында балалар өздерінің болашақ дәрігер, шаштараз, аспазшы мамандықтары бойынша қабілеттерін тексерді. Осылайша, балалар бір күннің ішінде мамандық таңдау оңай емес деген тұжырымға келді. ата-аналарымен, достарымен әңгімелесуде, оқылған кітаптардан, фильмдерді көрген соң, олар қайта-қайта таңдауға оралды. Ал болашақта қоғамға пайдасын тигізетін мамандық таңдайтындары сөзсіз.