«Наурыз мейрамын» мерекелеу аясында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында тәрбиеленушілер арасында «Наурыз-татулық пен бірліктің мерекесі» атты станциялар бойынша ойын-сауық. Бағдарламасы өткізілді. Іс-шараны құттықтау сөзімен орталық директоры Әлжапарова Марал Михайловна бастады. «Жұлдыз», «Қайнар» «Мұрагер» «Мирас», «Балдәурен», Красный Яр селосы және «Дизайн», «Академия лидерства», «Әулет» үйірмешілерінен құралған жеті команда қатысты. Әр станцияларда балаларды ертегі кейіпкерлері қарсы алды. «Салт-дәстүрлер» кезеңінде ойынға қатысушылар "Жер Ана" кейпін, Наурыз мейрамының тарихымен танысып өтті. «Жалмауыз кемпір» «Музыкалық» станциясында музыкалық аспаптар жайлы сұрақтар қойылды. «Ұлттық тағамдар» станциясында ең басты кейіпкер «Бауырсақ» тағамдардың қалай жасалғаны туралы балалардың білімдерін тексерді. «Сараң бай» қатысушыларға арналған математикалық тапсырмалар дайындады. «Логикалық сөзжұмбақ» станциясында балалар сөзжұмбақта жасырынған мерекеге жолдау сөзін шешті. Ойын бағдарламасының соңында «Жер Ана» станциялар бойынша құттықтау сөздерімен шашу шашты. Іс-шара соңында командалар сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Бірінші орынды «Балдәурен» БАК иеленді, екінші орынды «Мирас» БАК, үшінші орынды Красный Яр селосы үйірмешілері, қалған командалар белсене қатысқаны үшін марапатталды.