2017 жылғы 19 наурыз күні «Әулет» МТЖО қарасты «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде «Наурыз мейрамы» мерекесі өткізілді. Қазақ тілінің мұғалімі - Хасенова Раушан Сериковна құттықтай отыра, бұл көктем мерекесі, Қазахстанда тұратын 130 ұлт өкілдері қазақ жерінде бейбітшілік пен келісімде, бұл мерекені бір отбасы сияқты тату-тәтті қарсы алатынын айтты. Тәрбиеленушілер қазақ, орыс, татар, инғұш, неміс, поляк, әзірбайжан, армын және чуваш тілінде тақпақтар айтты. Байрамов Ильхам и Руфуллаева Минара әзірбайжан биін орындап берді. Мектеп жетекшісі Кәрімжанова Күлтай Жианшақызы балаларды мерекемен құттықтап, еліміздің мәдениетін көркейтіп, мемлекеттік тіліміздің дамуына үлкен күш салу керек екенін айтып өтті. Ақмола облысы Аналар қоғамының мүшесі, чуваш тілі мұғалімі - Тарасова Елена Михайловна барлығына бейбітшілік пен жақсылық тілеп, біз -Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз екенін айтып өтті.