Міне, көктеммен бірге асыға күткен тамаша мерекеміз - Наурыз мейрамы да келіп жетті. Наурыз мейрамы ежелгі мерекелердің бірі болып саналады. 50 жылдан артық тойланып келе жатқан табиғаттың жаңаруы және көктем мерекесі. Халықта Наурыз мейрамы жомарт тойланса, сол жыл молшылық болады деп есептеледі. Клубта тәрбиеленушілер туған-туыстарын, достарын, мұғалімдерін құттықтау үшін "Наурыз-думан" мерекелік бағдарламасына жиналып, әндерін айтып, би билеп жақсы көңіл-күй сыйлады. Мерекелік бағдарлама баршамыз қызыға күтетін үйірмешілердің ата-аналарының қолдауымен «шашу» дәстүрімен ашылды. "Ән мен әнші" үйірмешілері ән шырқады. Сәндік қолданбалы өнер үйірмешілері өз қолдарымен жасалынған түрлі суреттер мен ұсақ-түйектер көрмесін ұсынды. Іс-шара мол дастарханмен аяқталды. Бұл күн шаттыққа, қуанышқа, жақсылыққа толы болды.