«Мұрагер» БАК –да «Арман Достар» тәлімгерлік шеберлік мектебінің тәрбиеленушілерімен ұлтаралық келісім мен төзімділікке, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлеріне, мәдениетіне құрметпен қарау мақсатымен «Армысың, әз Наурыз!» атты сайыстық-ойын бағдарламасы өткізілді. Қызықты саяхат "Жұмбақ жол" станциясынан басталды. Балалар Наурыз тақырыбына байланысты жұмбақтарды шешті. «Жұмбақ жол» станциясынан кейін жас саяхатшылар «Баян сұлу» станциясына бет алды. Онда көптеген Баян сұлу суреттерін жинады. Келесі «Жігіттер» станциясында Наурыз мерекесінің нышандарын орындады. Содан соң іс-шараға қатысушылар өздерін жас аспазшылар рөлінде сезінді. «Наурыз-көже» станциясында Наурыз мейрамының ең басты тағамына қосатын қоспаларды таңдады. Бұдан кейін «Бүркіт» станциясына келіп, онда ән салып, көктем хабаршысын іздеді. Ең соңғы «Гүлдер» станциясында балалар қызғалдақ гүлін іздестірді. Ойын бағдарламасының соңында қатысушылар жасырын сөздерді тауып, тәтті сыйлықтарды алды. Іс-шара өте қызықты өтті.