Біз демократиялық мемлекетте бейбітшілікте, достықта және келісімде өмір сүріп жатырмыз.Қазақстан – көпұлтты бірегей Республика, біздің елімізге тұрақтылық қажет. Қазақстан тамаша табыстарға қол жеткізді, сондықтан да бізге даму қарқынын жоғалтпау керек. Егер қоғам мен ұлттық идеяның жалпы бірлігі қалыптасқан болса, мемлекет дами алады. Қазақстандық ұлттық идеяны жасаушы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып танылды. Ол - тәуелсіздік идеясы, бәсекеге қабілеттілік идеясы, гүлдену идеясы. Мемлекет басшысы үшінші жаңғыртудың басталғанын хабарлады. Бұл жолдау-2017 басты тақырыбы болып саналады. Бұл жерде қазақстандықтар зейнетақының артатын, дәрі-дәрмектердің бағасы реттелетінін білді. 10-наурыз күні «Мұрагер» аулалық клубында «Арман Достар» тәлімгерлерімен, тәрбиеленушілермен бірге «Болашаққа дұрыс көзқараспен» дискуссия өткізілді. Дискуссияның мақсаты: жастарды патриотизмге тәрбиелеу, Елбасының "Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі" жолдауын қарастыру. Іс-шара барысында «Жолдау Білгірлері» интелектуалдық ойынын өткізіліп, балалар сұрақтарға жауап берді. Іс-шараны қорытындылай келе, бүгінгі таңда мемлекетімізде лайықты білім алу үшін барлық жағдайлар жасалғанын, соның арқасында өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға, қоғам өміріне белсенді қатысуға, еліміздің лайықты азаматтары болуына үлкен сеніммен қарауға болатынын айтуға болады.