Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.03.2017

2017 жылдың 4-наурыз күні «Қайнар» БАК-да Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анамның мерекесі» мерекелік бағдарламасы өткізілді. Тариха анықтамаларды тыңдаған балалар барша адам тойлайтын бұл мерекенің қайдан, қалай шыққанын білді. Олар өлең оқып, ән айтып, би биледі, ең жақын - аналары, әжелері мен құрбыларын құттықтады. Қатысқан  ата-аналар мен балалар  жылы тілектер мен құттықтаулар естіді. Өткізілген сайыстар: «Сүйкімді сөздер айтамыз», «Мен өз анамды білемін бе», «Анаңды тауып ал». Барлығы өз анасын қалай құрметтейтінін, жақсы көретінін көрсетті.  Әсіресе «Ботқа пісір» ойыны қызықты өтті. «Өз балаңды тауып ал» сайысында аналар көздерін жұмып қолдарымен балаларын тауып алды. Іс-шараның соңында балалар аналарына «свит-дизайн» техникасы бойынша жасалған қызғалдақ гүлдерін сыйға тартты. Жалпы мерекелік бағдарлама жақсы өтті.

Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст