Текст
2017 жылдың 1-наурыз күні «Қақтығыстар және дауларды шешу үшін медиация негіздері. Сотқа дейінгі мәселелерді шешу» семинар - практикумға «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің жетекшісі Күлтай Каримжанова қатысты. Семинар «Қоғамдық келісім» КММ Алматы қаласы Халықаралық құқық қорғау орталығы бастамасы бойынша өткізілді. Кездесудің модераторы, Халықаралық құқық қорғау орталығының төрағасы Жакупов Ж. А., "Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жанжалдарды және дауларды сотқа дейінгі реттеу туралы айтып берді. Қатысушылар семинарға белсенді араласып, қызықты диалогта көптеген сұрақтарға жауаптар алды, мәселен медиация қалай қолданылады, медиатор кім бола алады және т.с.с.