Текст
Міне, асыға күткен көктемнің алғашқы гүлдерімен 8-наурыз тамаша мерекесі де келді. Педагогтар мен тәрбиеленушілер өздеріне ең қымбат -аяулы ана, әжелер қыздар, яғни барлық нәзік жандарға осы бір қуанышымен құттықтау үшін оған ерекше дайындалуда. Бұл мереке "Мұрагер" балалар аулалық клубында да өткізілді. «Домбыра», «Жас гитарашы» және «Қолөнер» үйірмелерінің тәрбиеленушілері өздерінің аналары мен әжелерін мерекеге арналған әндерімен, тақпақтарымен қуантты. Аналар мен әжелер де сыртта қалған жоқ, "Арман Достар" тәлімгерлерінің жүргізген көңілді ойындары мен сайыстарына қатысып, балалармен бірге өздерінің ептілігі мен білімін көрсетті. Іс-шараның соңында балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті.