04.03.2017ж «Балдәурен» БАК Айгүл Килажевна Кенжетаеваның қолдауымен аналар мен әжелерге арналған "Аяулы, нәзік, қымбат жандар үшін...!", әдеби – музыкалық композиция өткізілді: іс-шараға аулалық клубтың барлық педагогтары тәрбиеленушілерімен бірге белсене қатысты: Новгородцева Светлана Владимировна, Демиденко Валентина Николаевна, Алгазимова Алия Асылхановна. Бала - ана үшін ең қымбат . Анасының махаббатына , мейіріміне бала кезінен бөленген бала бақытты болады. Бұл өмірде анадан жақын адам жоқ. Оның балаға деген сүйіспеншілігі шексіз. Кез-келген бізге: балаға, жасөспірімдерге, ересектерге – ана өмірдегі ең қымбат өмір сыйлаған адам. Анам, анашым...! Іс-шараны «Вдохновение» және «Жасөспірім мен заң» үйірмесінің тәрбиеленушілері анаға деген жылы сөздерімен, өлең жолдарымен бастап, күнделікті өмірден алынған шағын театралдық көріністер көрсетті. Аналарға қысқаша ойын-сауалнамалары, «Бұл өмірде ең қымбат менің анам», «Кімнің дауысы?», «Сыйлықты таңда», «Өнерлі отбасы» сайыстары өткізілді.Сайысқа аналар балалармен бірге белсене қатысты. Іс-шараның соңында номинациялар бойынша аналар медальдармен марапатталды және балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызықты өтті.