8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Орталық қалалық кітапханасында өз өмірлерінде қиын мамандықты таңдаған, сүйкімді, тартымды әрі сұлу әйелдермен «Погондағы әйелдер» атты ток шоу өтті. Мақсаты: патриоттық тәрбие беру, жастарды қонақтарымыздың мамандығына баулу. Іс-шараға әскери бөлімнің жауапты маманы Дюсенбина Айгерім Каршіганбековна, ақпараттық жүйелермен технологиялардың Көкшетау техникалық институты, азаматтық қорғау департамент полковнигі Берденова Динара Қуанышбековна, Ақмола облысының ұлттық бюросының департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің капитаны Есембаева Динара Оралбековна қатысты. Іс – шара барысында қонақтар өз мамандықтары жайлы, қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді. «Мұрагер» аулалық клубының атынан келген қонақтарға "Қолөнер" үйірмесінің мүшелері жасаған гүлдер сыйға тартылып, "Жас гитарашы" үйірмесінің атынан "Ару ана" музыкалық құттықтау әні орындалды.