«Әулет» МТЖО –да 25 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі" Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша Көкшетау қ. білім бөлімінің ұйымдастырумен пікір-сайыс жарысы өткізілді.
Жарысқа 30 команда қатысты: "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, № 18 ОМ, № 3 МГ.М.Ғабдуллин, № 14 ОМ, СШЛ №6, ГТЛ-ш, МГ № 5 "Таңдау", № 21 ОМ, № 12 ОМ, №4 ОМ, №17 ОМ, № 13 "Экос" ЭГМ, № 8 ОМ, № 19 ОМ, №11 мектеп-гимназиясы. Төрешілер мен таймкиперлер А. Мырзахметов атындағы университетінің "Ділмар" және Ж.Мусин атындағы колледжінің "Парасат" пікір-сайыс клубтарының студенттері болды.
Ережеге сәйкес, пікір-сайыс жарысы бір күнде: түске дейін – іріктеу кезеңі, түстен кейін - жартылай финал, ойын номинациясы бойынша "Үздік спикер", "Үздік төреші" жарыстың финалы өткізілді.
Жарыстың қорытындысы бойынша қазақ лигасында үшінші орын дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының "Арлан" командасына, екінші орын - № 3 М.Ғабдуллин атындағы мектеп -гимназиясына, бірінші орын №18 ОМ "220 Вольт" командасына берілді.
Орыс лигасында үшінші орын "№ 17 ОМ "Меркурий" командасына, екінші орын "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығының "Декаданс" командасына бірінші орын № 17 ОМ "Big city life" командасына берілді.
Қазақ лигасында "Үздік спикер" номинациясын № 3 М.Ғабдуллин атындағы мектеп -гимназиясына оқушысы Төлеген Алуа жеңді, орыс лигасында № 17 ОМ оқушысы Сабиржанова Ақбота жеңіске жетті.
"Үздік төреші" еңбегін иеленген Ж.Мусина педагогикалық колледжінің студенттері және А.Мырзахметов университетінің студенттері-Бекмағамбетов Қанат және Базар Азия.