Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр внешкольной работы "Әулет" города Кокшетау при Отделе Образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің балалар осындай!!!

28.02.2017

Жақында «Мастерица» атты Республикалық сәндік-қолданбалы сайысы өтті. Сайыста әртүрлі техникада (еркін тақырып) бұйымдардың  суреттері қабылданды. Осы сайысқа біздің балалардың жұмыстары берілді. № 17 ОМ 0 «Г» сынып оқушысы, жасы 6-да, «Сымбат» үйірмесінің тәрбиеленушісі Анастасия Лободюк «Гүлде» атты суретін дайындады, техникасы: фетрмен аппликациялау, пайеткалармен кестелеу. № 17 ОМ 1 «З» сынып оқушысы,жасы 7-да, «Қызықты смайликтер» суретін,  техникасы: кестелеу. «Мастерица» үйірмесінің жетекшісі Валентина Николаевна Демиденко Республикалық сәндік-қолданбалы сайысының жеңімпаз грамотасымен, ал балалар 1 дәрежелі дипломмен  марапатталды. Бұл сайысқа да біздің балалар белсене қатысты. Сонымен қатар «Аяз атаның шеберханасы»  Республикалық балалар шығармашылық сайысы өтіп, 4 жас ерекшеліктері бойынша жұмыстар қабылданды. № 17 ОМ    4 «В» сынып оқушысы,жасы 9-да «Жаңа жылдық көңіл-күй» сәндік панносын жасады, техникасы: пластикалық айырлармен өрілген, аппликациясы жаңа жылдық ойыншықтар мен шыршалар  бұтақтарынан.№ 17 ОМ 11 «В» сынып оқушысы,жасы 17-де, Демиденко Юлия «Ақшақар» киімін тікті, техникасы: киімді дайындау, пайеткалармен кестелеу. Балалар 1 дәрежелі дипломмен,  «Сымбат» үйірмесінің жетекшісі Валентина Николаевна Демиденко алғыс хатпен  марапатталды. Ең  бастысы балалардың ата-аналарына және  педагог Демиденко Валентина Николаевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз. Жарайсыңдар балалар!!!

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст