2017 жылдың 19-ақпан күні «Үкілі домбыра» үйірмесі тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жұмыс жоспарына сәйкес, Алғыс айту күнін
мерекелеуге орай,жиналыс өткізілді.
Ата-аналар жиналысында келесі сұрақтар қарастырылды:
1) «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Елбасының жолдауын түсіндіру
2) 2016-2017 оқу жылына тәрбиеленушілерді қорытынды аттестацияға дайындау;
3) Бурабай селосына 2017 жылдың сәуір күні Халықаралық байқауға қатысуды ұйымдастыру;
4) Ата-аналар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Ата-аналар күн тәртібіндегі барлық пунктерді белсене қолдады. Қатысып отырған ата-аналардың көбі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Елбасының жолдауымен танысыпты.
Жас дарындардың Халықаралық байқауға қатысу шарттарымен таныс болған соң, ата-аналар үйірме жетекшісі Б.Қ.Өтеулінің ынтасын қолдап, балалардың қатысуы туралы шешім қабылдады.
Күн тәртібіндегі сұрақтарды қарастырған соң, соңында ата-аналар назарына шығармашылық концерт көрсетілді.
Үйірмеге әр түрлі жастағы үйірмешілер қатысады. Топтағы балалардың ішінде 1,2,3 жыл оқып жатқандар да бар. Сондықтан аспаптарды меңгерулері де түрлі.Бірақ әр ата-ана өз баласының қалай ойнап жатқанын естей білді.
Концерттік бағдарламада балалар жеке, дуэт болып өнер көрсетті.Концерттік бағдарламаның соңында көрермендер назарына жоғары топтағы балалардың ансамблі ойнады. Ата-аналар үйірме жетекшісіне, балаларына алғыстарын білдірді.Балалар ең жақын адамдарының ризашылығы мен қолдауларын көріп,үйірмеге қатысуға деген қызығушылықтары одан сайын арта түсті.