2017 жылдың 17-ақпан күні Ақмола облыстық филармониясында «Біз хип-хоп мәдениетімен өмір сүреміз» жобасын жүзеге асыру аясында «Hip-hop party-2017» 14-ші ашық облыстық хип-хоп фестивалі өткізілді. «Гүлдене бер,Қазақстан!» ұраны фестивалдің тақырыбына айналды. Фестивалді ұйымдастырушылар- «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы және «Жас Ұрпақ» балалар қоғамдық бірлестігі. Осы жобаның негізгі мақсаты- жаңа қазақстандық идеяны насихаттау; «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идея негізінде жаңа қазақстандық патриотизмнің базалық негізін ашу; хип-хоп ұжымдары репертуарының көркемдік деңгейін жоғарылату; салауатты өмір салтын қалыптастыру; Хип-хоп мәдениетінің түрлі бағыттары арасында шығармашылық тәжірибемен алмасу.
Фестивалге түрлі бағыттағы 60 шақты сайыскерлер қатысуға қабылданды,атап айтсақ:брейк-данс, хип-хоп ырғағындағы билер,локинг, LA Style, рэп-орындаушылар, битбокс, dubstep,C-Walk, Poppin'
Қатысушылардың арасында Қазақстан Республикасының басқа қалалары мен біздің қаланың мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері бар.
Барлық байқаушыларды бағалаған әділ-қазылар құрамы:
Абулхаир Байманбетов – Степногорск қаласының достық және шығармашылық үйінің директоры., 2016 жылы Хип-хоп пати байқауының жеңімпазы,ТМД елдерінің арасындаға дарынды адамдар жүздігіне енді;
Култасов Арыстан – «Zombie Battle» жеңімпазы.«Battlein KZ» жеңімпазы. 2х2, октагон, пауэр трикс номинацияларында плэй батл жеңімпазы, Челябинск қаласы- Energy қатысушысы.red bull bc one Astana cypher жартылай финалға қатысушы;
Самковский Борис - V-JOLT, битбокс бойынша Қазақстан Чемпионы, Мэйкнойс фестивалінің жеңімпазы, Kids of beats фестивалінің жеңімпазы;
Елубай Мирас–Хип-хоп фест-2016 жеңімпазы,«Лучший город KZ» жобасына қатысушы. Барлық қатысушылар дипломдармен,белсене қатысқандары үшін мадақтамалармен, бағалы сыйдықтармен марапатталды.