2017 жылдың 9-ақпан күні сағат 17.00-де «Қайнар» БАК жетекшісі Уәлиева Сәкеш Чарлизовна «Біз-салауатты өмір салты үшін» атты шығармашылық сағат ұйымдастырып, өткізді. Мақсаты:салауатты өмір салтын насихаттау.
Міндеттері :
- салауатты өмір салты туралы түсінік беру;
- тәрбиеленушілерді спортпен, дене шынықтырумен айналысуға қызығушылықтарын арттыру;
- жасөспірімдерге зиянды әдеттердің шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық заттарды қолданудың соңы неге апаратынын, компьютерлік ойындардың зияны туралы терең мағлұмат беру.
Педагог сабақ барысында түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдана білді: аналитикалық әңгіме,балалар мен жасөспірімдердің мәселелік сұрақтарға қатысуы, викториналық сұрақтарға жауап беру, тестілеу,шығармашылық сағат тақырыбы бойынша өз суреттерін қорғау. Аталған сабаққа клубтың барлық үйірмелерінен қатысты. Балалар екі топқа бөлініп жарысты. Шығармашылық сағат сәтті өтті. Тәрбиеленушілер бір-бірімен араласып, өз ойларын айтып, басқаның ойын тыңдауға үйренді.Осындай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыта түседі.