Жылы бір кұшақ таппадым,
Бетімнен адам сүймеді,
Талпындым, жұртқа жақпадым,
«Қу жетім» деп түйреді.
Ағымдағы жылдың 13-ші ақпанында "Мұрагер" балалар аулалық клубының "Домбыра" мен "Рукоделие" үйірмесінің мүшелері Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде өткізілген Жұмағали Саинның 105 жылдығына арналған "Мен сүйемін өмірді" портрет кешіне қатысты. Жұмағалидың әдебиетке, өлеңге құмарлығы жастай байқалған. Көкше елінің ақындық, әншілік дәстүрі оған ерте әсер еткен. Туған жердің сұлу табиғатын да жетім бала өзіне жұбаныш тұтқан. Кеш барысында балалар көкше ақын жазушысының өмірбаяны, шығармалары жайлы слайд пен видеороликтер арқылы танысты. Балалар жазушыға қатысты сұрақтарын қойып, толық жауаптарға ие болды. Балалардың сөйлесу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу мақсатында өтті. Ақынның «Бақыт жыры», «Алтын таң» атты кітаптарымен таныстырылып, «Жетім серті», «Екі түн», «Бақыт құшағында», «Айбала» атты өлеңдерінен үзінділер оқылды. Іс-шара барысында "Мұрагер" клубының домбырашылары "Би" күйін орындап берді.