Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
өксіген оттай жанған жануарлар
өзеннен рахат тауып басылады…
Ы. Алтынсарин
2017 жылдың 2-ақпан күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Біздің өміріміздегі эко-стратегиясы» тақырыбында сулы-батпақты алқаптарды қорғау күніне арналған, экологиялық конференция өтті. Конференция «Әулет» МТЖО-мен бірлесіп өткізілді.
2 ақпан - дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды қорғау күні. 1971 жылы 2 ақпанда Иран мемлекетінің Рамсар қаласында халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы Конвенцияға қол қойылды. Сол күннен бастап бұл құжат «Рамсар Конвенциясы» деп аталады. 1997 жылы 2 ақпан күні - дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды қорғау күні деп жарияланды. Қазіргі кезде Рамсар Конвенциясына 100-ден астам елдер қосылды, Қазақстан да мүше болып тіркелді. Конференция өткізудің мақсаты: қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту; экологиялық білімді насихаттау; өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу; табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу; мектепте экологиялық білім және тәрбие құрамын ұйымдастыру.
Конференцияның құрметті қонақтары: биология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің аға оқытушысы Құрманбаева Айгүл Сапарбекқызы; Ақмола облысы бойынша экология Департаментінің зертхана-аналитикалық бақылау бөлімінің бас маманы Нурахмет Айкын Алданышұлы.
Конференция жұмысына Көкшетау қ. білім мекемелерінің көшбасшы оқушылары: №19ОМ, №4ОМ, №14 ОМ, №17 ОМ, №18 ОМ, №17 ОМ, М.Ғабдуллин атындағы №3 МГ, «Әулет» МТЖО, БАҚ өкілдері шақырылды.
Аталған іс-шара конференция жеңімпаздарымен, қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқталады.
І дәрежелі дипломмен № 4 ОМ оқушысы Назарова Анастасия марапатталды. Жетекшісі: Тарасевич Марина Владимировна. Ғылыми жоба тақырыбы: «Сұлтангелді көлін үлгі ете сулы-батпақты алқаптың гидрохимикалық мониторинг сапасы».
ІІ дәрежелі дипломмен «Әулет» МТЖО «Жұлдыз» БАК тәрбиеленушілері Журба Сергей мен Қасым Амина марапатталды.Жетекшісі: Касымова Антонида Николаевна. Ғылыми жоба тақырыбы: «Біздің өміріміздің эко-стратегиясы ретінде ауыл шаруашылық пен өнеркәсіпте тазартылған ағын суларды қолдану».
ІІІ дәрежелі дипломмен №19 ОМ 11-сынып оқушысы Сабуров Султан Қанатұлы марапатталды. Жетекшісі: Бокейхан Лаура.Ғылыми жоба тақырыбы: «Сулы—батпақты алқаптарды өрттен қорғау жүйесі».
Белсене қатысқан қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.